Commons:Уики Жерді Сүйеді 2024
Wiki Loves Earth | ||
---|---|---|
Уики Жерді сүйеді 2024 |
Қатысушы елдер |
Ережелер және ЖҚС |
Ұйымдастыру |
Жеңімпаздар |
Байланыс |
Есеп |
Уики Жерді сүйеді — мамыр мен шілде айларында бүкіл әлем бойынша Уикимедиа тараулары, топтары және жергілікті Уикипедия еріктілері ұйымдастыратын жыл сайынғы халықаралық фотосурет байқауы. Қатысушылар өз елдеріндегі жергілікті табиғи мұралар мен көркем ландшафттарды суретке түсіріп, Ортаққорға (Wikimedia Commons) жүктеп салады. Барлық қатысушы елдер үшін жергілікті командалар ұйымдастыратын жеке байқаулар бар, сондықтан кезеңдер, ережелер, жүлделер және т.б. біраз өзгеше болуы мүмкін.
Жарыстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік ашық Уикипедия энциклопедиясындағы мақалаларды және басқа Уикимедиа қорының жобаларын көркемдеу үшін табиғи мұра нысандарының, мысалы, қорықтардың, ландшафтты қорғау аймақтарының, ұлттық саябақтардың, көрікті/ландшафт аймақтарының, көрнекті бақтардың және т.б. фотосуреттерін жинау.
Негізгі назар республикалық маңызы бар нысандарға ғана емес, аймақтық деңгейде қорғалатын жерлерге және мүмкіндігінше кең ауқымды табиғи нысандарға да қойылады, соның ішінде ормандар, саябақтар, бақтар, жартастар, үңгірлер немесе еліңіздегі қорғалатын табиғаттың кез келген бөлігі. Бұл пайдаланушылардың көпшілігі өздеріне жақын бірнеше табиғи мұра нысандарын таба алатынын білдіреді.
Биылғы жарыс пен халықаралық жеңімпаз фотосуреттер екі санаттан тұрмақ: пейзаждар (оның ішінде жекелеген ағаштар, егер ол табиғат ескерткіші болса) және макро/жақыннан түсірілген суреттер (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар):
- жергілікті деңгейде әр санаттан 10-нан аспайтын 15-ке дейін жеңімпаз болады. Жергілікті ұйымдастырушылар жеңімпаздарды санаттарға бөлмеуді және/немесе 15-тен азырақ фотосурет қабылдауды (мысалы 10) таңдай алады.
- халықаралық қазылар алқасы әр санаттан 10 фотосуреттен аспайтын 20 фотосуретке дейін таңдайды.
- Халықаралық деңгейде үздік 20 фотосурет қатарына бір автордан ең көбі екі фотосурет қана таңдалады, өйткені біздің мақсатымыз –жеңімпаз суреттердің әралуан болуын қамтамасыз ету және әртүрлі аймақтар мен авторлардың табиғи ескерткіштерін көбірек көрсету.
- Жобалы уақыт кестесі
- 1 мамыр – 31 шілде және осы уақыт кестесіне жақын күндер елдердің жергілікті жарыстары үшін қолайлы саналады. Әрбір ел үшін арнайы уақыт кестесін қараңыз;
- Тамыздың соңы: құжаттарды тапсыру мерзімі (мысалы, Жеңімпаздар бетіне);
- Қыркүйек-қазан: бағалау процесі;
- Қараша: халықаралық нәтижелерді жариялаудың соңғы мерзімі.
- Ережелер
- Сайыстың халықаралық бөлікке арналған ережелері мына жерде жарияланған. Жергілікті жарыстардың өз ережелері, марапаттары, мерзімдері және т.б. болуы мүмкін.
- Жүлделер
- Жеңімпаздар Amazon немесе басқа интернет-дүкеннің ваучерлерін алады; ваучер құны қатысушы алған орынға байланысты.
- Жергілікті деңгейдегі ұйымдастырушы ұжымдар жергілікті раундтарда жеңімпаздар үшін сыйлықтар беруі мүмкін.
- Жүктелген суреттер
- Осы уақытқа дейін жүктеп салынған барлық суретті қарап шығыңыз.
- WLE Resources Center
- Instructions and guidelines for the local teams and participants.
- Қалай қатысуға болады?
- Жергілікті ұйымдастырушылар үшін: Commons:Wiki Loves Earth 2024/Organise бетіне өтіңіз.
- Қатысушылар үшін: Commons:Wiki Loves Earth 2024/Participating countries бетіне өтіңіз.
- Сайыстың ресми сайты
- БАҚ-та шығуы
- Commons:Wiki Loves Earth 2024/Press mentions сілтемесін көріңіз.
Жауапкершіліктен бас тарту Бұл сайысты негізінен еріктілер ұйымдастырады және ұйымдастырушылар осы ережелерді өзгертуге немесе сайыс басталғаннан кейін де өз қалауы бойынша оны тоқтатуға құқылы. Ұйымдастырушылар демеушілердің қандай да бір жүлдені немесе осы сайысқа қатысты қандай да бір жауапкершілікті қамтамасыз етуіне жауапты емес. Бұл беттердегі ережелер де, не басқа мәлімет ұйымдастырушылардың ешқайсысымен заңды түрде міндетті қарым-қатынас жасау ұсынысын білдірмейді. Қазылар алқасының мүшелері ешқандай марапат алуға құқылы емес (дегенмен олар фотосурет қоса бере алады).