Commons:Уики Жерді Сүйеді 2023

From Wikimedia Commons, the free media repository
Jump to navigation Jump to search
This page is a translated version of a page Commons:Wiki Loves Earth 2023 and the translation is 100% complete. Changes to the translation template, respectively the source language can be submitted through Commons:Wiki Loves Earth 2023 and have to be approved by a translation administrator.
Wiki Loves Earth

Shortcut: COM:WLE2023


Уики Жерді Сүйеді 2023

 

Қатысушы елдер

 

Ережелер және жиі қойылатын сұрақтар

 

Ұйымдастыру

 

Жеңімпаздар

 

Бізбен хабарласу

 

Report

2023 жылғы қатысушы елдер
Уики Жерді Сүйеді 2023-ге қош келдіңіз!

Уики Жерді Сүйеді — мамыр және шілде айларында бүкіл әлем бойынша Wikimedia тараулары, топтары және жергілікті Уикипедия еріктілері ұйымдастыратын жыл сайынғы халықаралық фотосурет байқауы. Қатысушылар өз елдеріндегі жергілікті табиғи мұралар мен көркем ландшафттарды суретке түсіріп, Wikimedia Commons сайтына жүктейді. Барлық қатысушы елдер үшін жергілікті командалар ұйымдастыратын жеке байқаулар бар, сондықтан кезеңдер, ережелер, жүлделер және т.б. біршама өзгешіліктер болуы мүмкін.

Байқаудың негізгі мақсаты дүниежүзілік тегін Уикипедия энциклопедиядағы мақалаларды және басқа Уикимедиа қорының жобаларын көркемдеу үшін табиғи мұра нысандарының фотосуреттерін жинау, мысалы, қорықтар, ландшафты қорғау аймақтары, ұлттық саябақтар, көрікті/ландшафт аймақтары, көрнекті бақтар және т.б.

Негізгі назар тек республикалық маңызы бар нысандарға ғана емес, сонымен қатар аймақтық деңгейде қорғалатын жерлерге және мүмкіндігінше кең ауқымды табиғи нысандарға аударылады: ормандар, саябақтар, бақтар, жартастар, үңгірлер немесе сіздің елдегі қорғалатын табиғаттың кез келген бөлігі. Бұл пайдаланушылардың көпшілігі өздеріне жақын бірнеше табиғи мұра нысандарын таба алатынын білдіреді.

Биылғы халықаралық жеңімпаз фотосуреттер екі санатты ұсынады: пейзаждар (оның ішінде жеке ағаштар, егер ол табиғат ескерткіші болса) және макро/жақындау (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар):

  • жергілікті деңгейде әр санаттан 10-нан аспайтын 15-ке дейін жеңімпаз бар. Жергілікті ұйымдастырушылар жеңімпаздарды санаттарға бөлмеуді және/немесе 15-тен азырақ фотосурет жібере алады (мысалы 10).
  • халықаралық қазылар алқасы әр санаттан 10 фотосуреттен аспайтын 20 фотосуретке дейін таңдайды.
  • халықаралық деңгейде бір автордың екі фотосуреті ғана үздік 20-ға таңдалады, өйткені біздің мақсатымыз жеңімпаз суреттерді әртараптандыру және әртүрлі аймақтар мен авторлардың табиғи ескерткіштерін көбірек көрсету.


Болжалды уақыт шкаласы
  • 1 мамыр – 31 шілде немесе осы уақыт аралығына жақын күндері елдердің ұлттық байқаулары өтеді. Әрбір ел үшін арнайы уақыт кестесін қараңыз.
  • Тамыздың соңы: фотосуреттері тапсыру мерзімі, мысалы Жеңімпаздар бетіне
  • Қазан-қараша: Халықаралық байқаудын нәтижелерін жариялаудың соңғы мерзімі
Ережелер
  • Халықаралық байқаудын ережелері мұнда жарияланған. Жергілікті жарыстардың өз ережелері, номинациялары, мерзімдері және т.б. болуы мүмкін.
Жүлделер
  • Жеңімпаздар Amazon немесе басқа интернет-дүкендерінің ваучерлерін алады; вауяердін құны қатысушының орнына байланысты.
  • Жергілікті командалардың жергілікті раундтарда жеңімпаздар үшін сыйлықтары болуы мүмкін.
Жүктелген фотосуреттер
  • Осы уақытқа дейін жүктелген барлық фотосуреттерді қараңыз.
Қалай қатысуға болады
Ресми вебсайт
БАҚ-та шығуы

Жауапкершіліктен бас тарту Бұл байқауды негізінен еріктілер ұйымдастырады және ұйымдастырушылар осы ережелерді өзгертуге немесе байқау басталғаннан кейін де өз қалауы бойынша байқауды болдырмауға құқылы. Ұйымдастырушылар демеушілердің қандай да бір жүлделерді қамтамасыз етуіне немесе осы конкурсқа қатысты қандай да бір жауапкершілікке ие емес. Бұл беттердегі ережелер, тағы басқалар, ұйымдастырушылардың ешқайсысымен заңды түрде міндетті қарым-қатынас жасау ұсынысын білдірмейді. Қазылар алқасының мүшелері ешқандай марапат алуға құқығы жоқ (бірақ олар басқа жағдайда фотосуреттерді жүктеуге рұқсат етіледі).