User:Aqpan

From Wikimedia Commons, the free media repository
Jump to navigation Jump to search

аймағындағы, Адайұлы Келімберді батырдың шаңырағында дүниеге келген. Ақпан батыр туралы, елдің мұңын, зарын күй-жырымен жеткізген суырып салма ақындар мен жыраулар Абыл Тілеуұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлынан жалғаса келе қазаққа белгілі қайыртпас қайсар ақындары Қашаған Күржіманұлы атамыздың «Атамекен» жырында, Аралбай Оңғарбекұлы, Ақтілеу Мұратұлы, Муса жырау, Қайролла мен Мұратбай, Жолжан, Таған, Тұрғанбай жыршылардың жырында, сонымен қатар басқа да авторлардың еңбектерінде, мәселен, Алшын Меңдалиевтің «Адай шежіресі», Қамысбай Қаржаубайұлының «Адай уезіндегі болыстар» кітаптарында, Өмірзақ Озғанбаевтың, Бектұр Төлеуғалиұлының, Сайын Назарбековтың, Асан Әбдіровтың, Есберген Іңірбайұлының, Қаржаубай Рейімбайұлының кітаптары мен мақалаларында молынан кездеседі. Жетібай Жылқышыұлының «Адай шежіресі» 9 томдық кітабында «Арыс атасы Ақпан, Адайдың айтулы батыры болған, құралайды көзге атқан мергені, қыран топшылы аңшысы, көңілі шалқар, жүрегі қобалжу білмейтін тайсалмас, ешкімнен тетку көрмей өскен жанға ұқсайды...» - деп келеді.